Қоғам • 10 Желтоқсан, 2020

200-ден астам сарапшы-волонтер жаңа идеяларын жүзеге асырып жатыр

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қазақстан Үкіметімен бірлесіп салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бағдарлама Елбасының «Ел Үміті» бастамасы шеңберінде әзірленді және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Президентінің экономика мен әлеуметтік саланы мемлекеттік басқаруға жаңа тәсілдер енгізу қажеттігі туралы тапсырмаларын сапалы орындауға бағытталған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының Көшбасшылықты дамыту орталығының басшысы бұл бастамаға толығырақ тоқталды.

200-ден астам сарапшы-волонтер жаңа идеяларын жүзеге асырып жатыр

Гүлмира Раисованың айтуынша, бағдарлама шеңберінде 3 мың кандидаттан мықты деген 200-ден астам қатысушы іріктелді, олар 6 ай ішінде 11 салада 37 міндет бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, сауда және логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп су ресурстары және т.б. салаларда.

«Бағдарлама іске асырудың үшінші кезеңінде. Қатысушылар өз бастамаларын ҚР Премьер-Министріне таныстырады. Асқар Мамин салалық міндет бойынша 30-дан астам бизнес-шешімді тыңдады. Дайындалған бастамалар бағдарлама қатысушыларымен бірлесіп толық пысықтау және іске асыруға дайындау үшін бейінді министрліктерге жіберілді. Қатысушылардың бастамаларын қорғау 2020 жылдың желтоқсан айының ортасына дейін жалғасады. Жоба қатысушылары 1500 сағатқа жуық жеке және командалық коучинг, менторлармен сараптамалық сессиялар, кейстерді талдау және халықаралық сарапшылардың тәжірибесін ұсыну бойынша консалтингтен өтті. Біздің коучтеріміздің арасында Асқар Мамин, Әсет Исекешев, Дариға Назарбаева, Алмаз Шарман, Нұрлан Қиясов, Еркін Тәтішев және т.б. сияқты өте танымал және тәжірибелі тұлғалар бар», - деді Раисова бағдарламаның ауқымы мен деңгейі жайлы айта отырып.