Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында бес жылда 7 миллион көшет егіледі

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов 2020-2025 жылдары өңірде жеті миллионнан астам көшет егу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында бес жылда 7 миллион көшет егіледі

Атырау облысында мемлекеттің иелігіндегі орманның қоры 52 400 гектарды құрайды. Оның ішінде орманды алқап – 15 100 гектар. Орман алқаптары Жайық пен Қиғаш өзендерінің жағасында ғана өсіріледі.

«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе жасақталған ормандарды толықтыру, орман өсіру көлемін ұлғайтуға қатысты қадамдық жоспар жасақталды. Соған сәйкес облыста 2020-2025 жылдары аралығында 2 800 гектар орман алқабында 7 миллионнан астам көшетін егу жоспарланды», - дейді облыс  әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің пікірінше, Жайық өзенінің бойындағы тоғайларды қалпына келтіру, жайылма алқаптарды жасыл желекпен көмкеру Атырау өңірінің экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

«Қазір межеленген жоспарға сәйкес, әрбір орман шаруашылығы мекемесі көшет егілетін учаскелер мен ағаш түрлері анықталып, нақты жоспар жасалды. Мұндай ауқымды жұмысты атқару орман шаруашылығы мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейіне байланысты болып отыр. Соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен 427 млн теңгеге 3 орман мекемесіне машина-трактор паркі, өрт сөндіру станциялары, жұмыс кестесі бар кешендер, 2 өрт бақылау мұнарасы салынып, пайдалануға берілді», -  дейді әкім.

Сондай-ақ орман мекемелерін жарақтандыруға жергілікті бюджеттен 206 млн теңге бөлінді. Ал 2020-2025 жылдарға арналған қадамдық жоспарды іске асыруға қажетті қаржы көлемі 769 млн теңгені құрайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024