Қазақстан Президентіне жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру мәселесі бойынша Ұлттық экономика министрлігінде жүргізілген тексерудің қорытындылары жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар кездесу барысында бюджетаралық қатынастар және өңірлік дамудың өзекті проблемалары талқыланды. Мемлекет басшысы аталған мәселені Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында қарауға енгізуді тапсырды.
Кездесу соңында Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берілді.