Президент • 10 Желтоқсан, 2020

Президент Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңға қол қойды

734 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңға қол қойды
«Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.
 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.