Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2020

Атырауда көлік нөмірлері шығарыла бастады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда көлік құралдарына арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлері шығарыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда көлік нөмірлері шығарыла бастады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының қоғаммен байланыс менеджері Бекжан Ахметовтің мәліметінше,  осы кезге дейін атыраулық көлік иелері нөмір алу үшін 20 күн күтетін еді. Өйткені нөмірлер Ақтөбе қаласында шығарылатын. Енді оны Атыраудан бес күнде алуға болады.

«Биылғы 11 айда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 83 580 қызмет көрсетілді. Оның ішінде жүргізуші куәлігін алуға байланысты 27 818, көлік құралына мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін беру бойынша 54 846 қызмет ұсынылды. Енді Атырау облысында нөмір белгілерін шығаратын станок іске қосылды. Бұл станокпен күніне 500 нөмір шығару болады», дейді Бекжан Ахметов.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024