Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мамандарының айтуынша, биылғы жыл басынан бері 10 014 нәресте өмірге келіпті. Қазір олардың арасында 164 отбасының қуанышын еселеген кішкентай Ибраһимдер өсіп жатыр. Ал 136 ұлдың аты – Әлихан.
Нәрестелерге Нұрислам есімі де жиі таңдалады. Биыл ата-аналар 128 ұлды дәл осылай атады. Бұдан өзге 119 Ахмад есімі рәсімделіпті.
Сондай-ақ 226 отбасы Айша аталған қыздармен толықты. Раяна есімін 225 ару иеленіп отыр. Бұған қоса 221 Айлин мен 195 Медина да ата-анасын бақытқа бөледі.