Мемлекет басшысы әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., №23-24, 507-құжат; 1995 ж., №23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №10, 56-құжат; №23, 142-құжат; 2006 ж., №18, 111-құжат; 2009 ж., №2-3, 9-құжат; №8, 44-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2013 ж., №2, 11-құжат; №14, 72-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №14, 51-құжат; 2018 ж., №24, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-бапта:
сегізінші бөлік «Шағын аудандар,» деген сөздерден кейін «қаладағы аудандар,» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан олардағы халық саны 400 мың адамнан астам болған кезде құрылады.»;
2) 3-бапта:
3) тармақшадағы «өнеркәсiп орындары» және «, халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамын жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер» деген сөздер тиісінше «өнеркәсiптік кәсіпорындар» және «елдi мекендер» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның бірінші абзацындағы «өнеркәсiп орындарының» және «, олардың кемiнде үштен екiсiн жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер» деген сөздер тиісінше «өнеркәсiптік кәсіпорындардың» және «елдi мекендер» деген сөздермен
ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ауыл – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекен;»;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдайды;»;
4) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізеді;»;
5) 11-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;»;
6) 14-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері»;
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қала әкімі аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізеді.»;
1) тармақшадағы «кенттер, ауылдар категорияларына» деген сөздер «аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар санаттарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 12 желтоқсан
№383-VI ҚРЗ
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Ұқсас жаңалықтар