«Жастар театры» 2016 жылы қала әкімдігінің қолдауымен Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған. Содан бері репертуары бірнеше қойылыммен толығып, талантты жастар өнер сахнасында шыңдалып келеді. Өнер ұжымы аз уақытта түрлі деңгейдегі байқауларға, фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жастар театрын халықаралық фестивальдегі жеңісімен құттықтаған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев киелі өнер көшін жалғаған ұжымға аймақтың мәдениет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, алдағы жылы театрдың 5 жылдығы кең көлемде аталып өтіп, «Жастар театры» жеке мекеме ретінде құрылатынын атап өтті.
Шара соңында өнер ұжымына халықаралық театр фестивалінің ең жоғарғы І дәрежелі дипломы табысталып, әртістер түрлі марапатқа ие болды.