«Қазір тіркелген халық тіркеліміндегі (РПН) 652 478 азаматтың 82 373-і (12,6%) сақтандырылмай отыр. Он бес санаттағы жеңілдігі бар азаматтар бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы 42 500 теңге көмек алды. Ал, бірыңғай жиынтық төлемді заң бойынша өзін-өзі қамтыған азаматтар төлеуі тиіс болатын. Осылайша жеңілдікті пайдаланатын санаттағы азаматтар өз статусын жоғалтып алды. Сонымен бірге Үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің 29 санаты биылғы 1 қазанға дейін өз қызметкерлері үшін жарна төлемей, тек тізімін дерекқорға енгізуі қажет еді. Бірақ, барлығы бірдей тізімді енгізбеуіне байланысты қызметкерлері сақтандырылмай қалған», деді Сәбит Құралбек.
Оның айтуынша, жеке секторда жұмыс істейтін азаматтардың сақтандырылмауына ай сайынғы жалақыны қолма-қол алғаны себеп болған.