Полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланатын адамдарды анықтау жалғастырып жатыр.
«Жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған 3000-ға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 242 адам осы құқық бұзушылықты қайталап жасағаны анықталды. Мұндай құқық бұзушыларды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бірінші рет 5 АЕК айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 10 АЕК айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген», дейді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.