05 Желтоқсан, 2013

Алматы облысында 39 ауыл ауыз судың азабын тартып отыр

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

05 12-AlmatiАлматы облысындағы Қарабұлақ ауылының тұрғындары ауыз судың азабын тартып отырғанына 20 жылдан асты. Бұл туралы «24» kz хабарлады.

Үйінің ауласынан құдық қазуға шамасы келмейтін отбасылар Тентек өзенінен су тасып ішуге мәжбүр. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, бұл ауылға мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша болашақта құбыр тарту жоспарда бар.

Мұндағы тұрғындардың ауыз судың азабын тартқаны соншалық, әуелі құдық суын тұндырып, сосын қайнатып ішеді екен.«Суды тұндырып ішпесең, ішінде құм бар. Ауылда бүйректері ауырғандар, одан тас алдырғандар көбейіп кетті. Осы судың әсерінен»,-дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Рахмет Жұмашев.

Осы өңірдегі Алакөл ауданында 56 ауыл болса, 39 ауыл әлі ауыз суға толық жарымай отыр. Жалпы, 2002-2008 жылдары 8 ауылға құбыр тартылған екен. Ал 2010 жылдан бері 5 ауылға ғана су берілген.

«Мемлекеттен үлкен қаражат бөлінгендіктен, біз жобалау жұмыстарына көп көңіл бөліп отырмыз. Биылғы жылы 4 ауылдың жобалау жұмыстарын дайындауды жоспарладық. Осындай  қарқынмен 2018 жылы ауылдарды 70 пайыз ауыз сумен қамтуға мүмкіндік жасалады»,-дейді Алакөл аудандық ТКШ бөлімінің бастығы Мақсат Жұлқайнаров.

Жоспар орындалып жатқанымен, аудандық  прокуратура жасалған жұмысқа қатысты талай заңсыздықты анықтаған. Мәселен, аудандық тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Үшарал қаласына су  құбырын жүргізген  «Тех монтаж» мердігер мекемесімен сыбайласып, атқарылмаған актілерге қол қойған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс анықталды. Аудандық коммуналдық бөлімінің басшысы Ботабаев деген азамат мердігердің жасалмаған жұмысын жасалды деп қабылдау жөнінде акт толтырған. Қазіргі кезде Ботабаев сотталды»-дейді Алакөл ауданының прокуроры Ерлан Аңдабаев.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Соңғы жаңалықтар