Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2020

Оңтүстік Корея Атыраумен ынтымақтастықты арттыруға ниетті

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысына іссапармен келген Оңтүстік Кореяның елшісі Атыраумен ынтымақсатықты арттыруға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Корея Атыраумен ынтымақтастықты арттыруға ниетті

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Оңтүстік Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сокпен кездесуде өзара ынтымақтастық пен екіжақты сауда-экономикалық қатынас талқылады.

«Біз оңтүстіккореялық кәсіпкерлермен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Осыған орай корей инвестициясын тартуға мүдделіміз», деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, әкім мұнайлы өңір үшін Оңтүстік Кореяның мұнай-химия өнеркәсібін қарқынды дамыту тәжірибесінің маңызын атап өтті.

«Мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағытында Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мол екені анық. Осы салада екіжақты тәжірибе алмассақ, бұл болашақта бірлескен кәсіпорындар құру үшін негіз бола алады», деді Досмұхамбетов.

Оңтүстік Корея Республикасының елшісі Ку Хонг Сок мұнай-газ саласында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асып жатқанына тоқталды. Алдағы уақытта медицина саласында да әріптестік танытуға ниет білдірді.