Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2020

Атырауда 100 орынға арналған жатақхана ашылды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында энергетика және құрылыс колледжінің студенттері үшін 100 орындық жатақхана ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 100 орынға арналған жатақхана ашылды

Жаңа жатақхана Елбасы – Тұңғыш gрезиденттің бес әлеуметтік бастамасы аясында бой көтерді. Оның құрылысына «Теңізшевройл» ЖШС «Игілік» әлеуметтік бағдарламасы арқылы қаржы бөлген. Төрт қабатты жатақхана бөлмелері күнделікті тұрмысқа қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда студенттермен бірге жас отбасылар да тұра алады. Әр қабатта 4 теледидар мен 12 автоматты кір жуу машинкасы бар.

«Қазір өңірдегі 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 15 мыңнан астам студент білім алады. Олардың жатақханаға деген сұранысын 2022 жылға дейін шешуді көздеп отырмыз. Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» үндеуіндегі тапсырмасына сәйкес, 2018 жылы арнайы жол картасы қабылданды. Соның аясында 2 жатақхананың құрылысы аяқталды», деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Ал Атырау қаласы және Индер мен Жылыой аудандарында колледж жатақханалары салынып жатыр

Қазір​ аталған колледжде 773 студент оқиды. Оның 189-і – ауылдық елді мекендерден келген жастар. ​ Сондай-ақ, инженер-оқытушылар құрамындағы 93 маманның жиырмасы өзге өңірлер мен ауылдардан келіпті.