Іс-шара барысында мыңға жуық анықтама телефон нөмірлері жазылған буклеттер таратылып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Волонтерлерден тұратын мониторинг тобы, полиция департаменті және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ!» буклеттерін тарату бойынша акция өткізді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар түсіндірме барысында олар қала тұрғындарына санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертті.