«Бүгін атыраулық жастар елге, Отанға деген сүйіспеншілікпен осы акцияға қолдау білдіруді ұйғардық. Біздің арамызда оқу орындарының белсенді студенттері де бар. Көп қабатты үйдің балконында Тәуелсіздігіміздің символы – көк Туымыз желбіреп тұр. Мұндай сәт әр азаматқа патриоттық рух беріп, ерекше сезімге бөлейді. Басты тілегіміз – көк байрағымыз көкте желбірету. Отанын шын сүйетін патриот жастар еліміздің өркендегенін, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болғанын қалайды» дейді волонтердің бірі Илияс Үсенғалиев.
Волонтерлер акцияны қаланың Т.Жұмағалиев көшесіндегі №23, Б.Құлманов көшесі, 112/1 мекенжайындағы көпқабатты үйлерде, «BELUGA» қонақүйінде жалғастырды.