Әлем • 17 Желтоқсан, 2020

Қай елде жүрсек те қазақша сөйлесеміз - Ирандағы қазақ баласы

1607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отбасы жағдайына байланысты Иранға көшіп кеткен қазақстандық отбасы үйінде тек қазақша сөйлеседі. 9 жастағы Дәулетәлы Сауран Иранда парсыша оқығанымен, Қазақстандағы мектепте де қашықтан оқып жүр, - деп жазады Egemen.kz

Қай елде жүрсек те қазақша сөйлесеміз - Ирандағы қазақ баласы

“Әкемнің қызметіне байланысты отбасымызбен Иранда тұрамыз. Біз тұратын қалада тек қана парсы тіліндегі мектеп бар. Сонда парсыша оқып жатырмын. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының 77-ші мектеп-гимназиясының 3 - сыныбында қашықтан білім алудамын. Ұстазым - Теңлік Рахметоллақызы. Осы сәтті пайдаланып 3 жылдан бері уақытын арнап келе жатқан ұстазыма алғысымды айтқым келеді” дейді оқушы.