Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2020

Атырауда жанұялық дәрігерлік амбулатория ашылды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының маңында бірнеше елді мекен бар. Соның бірі – Ақсай ауылдық округі. Дәл осы округте 52 орынға есептелген жанұялық дәрігерлік амбулатория ашылды.

Атырауда жанұялық дәрігерлік амбулатория ашылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, биыл медицина саласында бірнеше нысан пайдалануға берілді. Соның 200 орындық модульдік аурухана, облыстық кардиоорталықтың жанынан 50 орындық жапсаржай, Құрманғазы ауданында 75 орындық орталық ауруханасы, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында дәрігерлік амбулатория, Индер ауданының Аққала ауылында және Қызылқоға ауданының Қаракөл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт тұрғындарға медициналық қызмет көрсете бастады.

Ал Ақсай ауылындағы жанұялық дәрігерлік амбулаторияның жалпы ауданы 558 шаршы метрді құрайды. Енді бұл амбулаторияда білікті дәрігерлік көмек ауылдық округке тіркелген 5000-ға жуық адамға көрсетіледі.

Мұнда 3 дәрігер, 9 орта буындағы медицина қызметкері жұмыс істейді. көрсетеді. Амбулаторияда гинекология, тіс дәрігері, физиотерапия, зертхана, оқшаулау бөлмесі, екпе кабинеті, фильтр бөлмесі, күндізгі стационар да бар.