Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2020

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі қайтыс болды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменнің бұрынғы әкімі Вера Сухорукова қайтыс болды. Ол 69 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі қайтыс болды

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар хабарлады.

"Бүгін кешке Өскемен қаласының құрметті азаматы Вера Николаевна Сухорукованың мезгілсіз өмірден өткенін өкінішпен хабарлаймын. Вера Николаевнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Жақсылық Омар.

Вера Сухорукова 1951 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын бітіргеннен кейін мемлекеттік органдарда жұмыс істеген.

1999 жылы Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды. Одан кейін 2003-2004 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің ІІІ шақырылымының депутаты болып, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін басқарды.

Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін қаланың құрметті азаматы атағы берілді.

"Құрмет" және "Барыс" ордендерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар