Оқиға • 20 Желтоқсан, 2020

Оралда өрттен ер адам көз жұмды

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда тұрғын үйдегі өрттен  ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда өрттен ер адам көз жұмды

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Әнестің мәлім еткеніндей, оқиға 20 желтоқсан күні сағат 01.29-да «Парус» саяжай қоғамы Красивая көшесі, 34 мекенжайында болды.

Аумағы 20 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің төбесі мен қабырғалары құлап, түгел өртеніп кеткен.

Сағат 02.48-де өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнынан ер адамның мүрдесі табылды.

Құтқарушылар үйден 27 литрлік газ баллонын алып шықты.