17 Сәуір, 2010

ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ

771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Франциялық әріптестермен әңгіме Сенаттың Қаржы және бюджет, Экономикалық және өңірлік саясат комитеттерінің басшылары Қайрат Ищанов пен Нұрлығайым Жол­дасбаева Франция Республикасы Сенаты Қаржы комитетінің төра­ғасы Жан Артюс бастаған делега­циямен кездесті. Онда Қазақстан-Франция ынтымақтастығын, оның ішінде өзара парламентаралық іс-қимылды одан әрі дамыту мәсе­лелері талқыланды. Кездесудің басты тақырыбы экономиканы жедел әртараптан­дыру және оның секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат еткен жобаларды жүзеге асы­руға француз тарабының қаты­суы болды. Н.Жолдасбаева әлемдік қаржы дағдарысы зардаптарын еңсеру және дағдарыстан кейінгі даму үшін мемлекет қабылдаған шаралар туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, жаңа экономикалық саясат міндеттерін жүзеге асыруға, мемлекеттік индустриялық-инно­вациялық даму бағдарламасын орындауға Ұлттық қордан жыл сайын 8 миллиардқа жуық доллар бөлінетін болады. Сондай-ақ депутат Қазақстанның энергетика, жаңартылатын энергия көздері, аэроғарыш салаларындағы ынты­мақ­тастықты одан әрі белсенді­лендіруге мүдделілігін атап өтті. Қ.Ищанов әріптестерін қаржы заңнамаларын жетілдірудегі заң шығару жұмыстарымен таныстыр­ды және осы саладағы нормативтік базаны қалыптастырудағы пікірлесу мен тәжірибе алмасу жайында ойларын білдірді. Ж.Артюс Қазақстанның жетіс­тіктерін жоғары бағалады және екіжақты байланыстардың барлық бағыттары, оның ішінде парла­мент­аралық  ынтымақтастықты те­реңдетуге француз жағының әзірлі­гін мәлімдеді. “Қазақстан өзінің табыстарымен халықаралық қоғам­дастық назарын аударып отыр”,–деді франциялық сенатор,– деп хабарлады  Парламент Сенатының баспасөз қызметі.