Спорт • 20 Желтоқсан, 2020

Қазақстан ватерполшыларының қарсыластары анықталды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының іріктеу турнирінде су добынан қай командалардың өзара күш сынасатынын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан ватерполшыларының қарсыластары анықталды

Қазақстанның әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Грекия, Мажарстан және Израиль. Осылардың арасындағы ең үздігі – мажарстандықтар. Олар әлем чемпионатында екі рет топ жарып, бір күміс және бір қоланы олжалады. Еуропа чемпионатында 3 алтын, 5 күміс және 5 қоланы иеленді. Соңғы үш Олимпия ойындарында төртінші орынға табан тіреді. Грекиялықтар да әлемдік және құрлықтық додаларда жеңіс тұғырына көтерілген команда.

Іріктеу турнирі келесі жылдың 19-24 қаңтар аралығында Италияда өтеді. Ал А тобындағы бәсекелерде Италия, Франция және Нидерланд құрамалары күш сынасады.