Спорт • 21 Желтоқсан, 2020

Қарсыластар анықталды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының іріктеу турнирінде су добынан қай командалардың өзара күш сынасатынын жария етті.

Қарсыластар анықталды

Қазақстанның әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Грекия, Мажарстан және Израиль. Осылардың арасындағы ең үздігі – мажарстандықтар. Олар әлем чемпионатында екі рет топ жарып, бір күміс және бір қоланы олжалады. Еуропа чемпионатында 3 алтын, 5 күміс және 5 қоланы иеленді. Соңғы үш Олимпия ойындарында төртінші орынға табан тіреді. Грекиялықтар да әлемдік және құрлықтық додаларда жеңіс тұғырына көтерілген команда.
Іріктеу турнирі келесі жылдың 19-24 қаңтары аралығында Италияда өтеді. Ал А тобындағы бәсекелерде Италия, Франция және Нидерланд құрамалары күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар