Өтіп бара жатқан жыл талай қиыншылық әкелгеніне қарамастан, өмір жалғасын тауып жатыр. Бір кәсіп бастаймын, өнер үйренемін дегендер қашан да мұның жолын табады. Мәселен Алматыда көпбалалы аналарға қолдау көрсету мақсатында өңірлік «Бақытты отбасы» орталықтарының базасында «Іскер Ана» бағдарламасы да көп іс тындырып отыр. Мұнда оларды «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытады.
Сол сияқты Медеу ауданы әлеуметтік инкубаторында көптеген аналарға бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
«Бақытты отбасы» орталықтары көпбалалы әйелдердің дамуына қаржылай емес қолдау көрсету мақсатында құрылған еді. Ал Медеу ауданының «Бақытты отбасы» базасында құрылған бизнес-инкубатор қабырғасындағы қолдаудың бұл форматы жас кәсіпкер аналарға жұмыстағы тәуекелдерді азайтуға, клиенттерді тартуға және табысқа жетуге көмектеседі.
«Біздің әлеуметтік инкубатор – Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен тегін қамтамасыз етілген, әр әйелге арналған жеке бөлмелері бар, кездесулер мен білім беру іс-шараларын өткізуге арналған кеңсе алаңы.
Әлеуметтік инкубатор – бұл кәсіпкерлер, үкіметтік емес секторы мен жергілікті билік арасындағы әлеуметтік серіктестіктің қанатқақты жобасы. Әйелдердің кәсіпкер ретінде өсуінің сәтті көрсеткіші – бизнес-инкубатордың екі қатысушысы 505 мың теңге стартап-гранттан бөлек әрқайсысы 2 миллион теңге көлемінде екінші мемлекеттік қолдауға ие болды. Әйелдер өздерінің жаңа жобаларында осы инкубатор аясында одан әрі ынтымақтастықты біріктіруді көздеп отыр.
2020 жылы 15 меморандумға қол қойылып, олар инкубатордың тұжырымдамасын әрі қарай дамытуға септесті. Сонымен бірге, жобаларын бізбен бірге жүзеге асыруға дайын клиенттермен айқындарған жобалар күтуде.
Әлеуметтік инкубатордың мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын табысқа құлшындыра отырып, осы арқылы өмірлік қиыншылықтарды жеңіп шығуға ықпал ету. Ол үшін олар кәсіпкерлерге идеялық кезеңнен бастап тұрақты позицияны қалыптастыруға дейін қолдау көрсетеді.
Бүгінгі түлектер шамамен 10 миллион теңгенің өнімін сата алды. Түлектер – бұл көп балалы аналар, олардың арасында бастапқыда АӘК алушылары болған. Бұл қыз-келіншектер жеке кәсіп ашқаннан кейін АӘК-тен бас тартып, өздері де ақша таба бастады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар да бар.