Таиланд астанасы Бангкокта оппозиция өкілдеріне шабуыл жасалып, үш адам жарақат алды. Бұл туралы Itar-tass.com хабарлады.
Таиланд полициясының мәлімдеуі бойынша, мотоциклға мінген белгісіз біреу оппозиционерлер басып алған қаржы министрлігінің алдында ереуілшілерге қарай оқ жаудырған. Соның салдарынан бір адам жарақат алды. Біраз уақыттан соң дәл осы мекеме маңында жарылыс орын алып, тағы екі адам жарақат алған.
Премьер-министрдің орынбасары Сурапонг Товичакчаикун үкімет басшысы Йинглак Чинаваттың бұдан былай оппозиция жетекшісі Сутеп Таугсубанмен кездеспейтінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Сутеп Таугсубанның көп ұзамай тұтқындалатынын және оппозиция жетекшілеріне қарсы Таиланд заңына сәйкес ең қатаң шаралар қабылданатынын алға тартты.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com