Өнер • 22 Желтоқсан, 2020

Көңілге ыстық көріністер

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві астана тарихын баяндайтын «Архивтер сөйлейді...» қала тарихының фотоқұжаттары» атты көше көрмесін ашты.

Көңілге ыстық көріністер

Көрме экспозициясы елордамыздың алғаш іргетасы қаланған сәттен бастап бүгінге дейінгі қалыптасу кезеңінен сыр тарқатады.

Елімізге белгілі өлкетанушылар мен ар­хив серіктестерінің жеке қорла­рын­­дағы құнды материалдардың негізін­де құрылған көше көрмесі қала тұрғын­дарының ерекше ықыласына ие болды.

Н.Имамовтың және А.Дубицкийдің жеке қорларынан алынған фотоқұжаттар мен Б.Оленевтің фото және бейнематериалдары астана шежіресін шертеді. Сондай-ақ сол замандағы әлеуметтік өмір­дің жай-жапсарын ашып көрсетеді.

Аталған көрмеден бұрынғы латын графикасымен жазылған деректерді кез­дес­тіруге болады. Есімдері елге таныс, қала тарихында қатталып қалған тұл­ғалардың ерен еңбегі жазылған ақпараттарды да жолықтырасыз.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын фотокөрме оқушылардың қызығушы­лығын арттырып, үлкендердің архив саласына деген көзқарасын өзгертуде. Биыл екін­ші рет өткен шара әлі де жал­ғасын табады.