"Пандемия басталғалы полиция тұрғындарға құқықтық тұрғыдан ғана емес, қолдан келгенше, материалдық жағынан да көмек қолын созуда. Бұл біздің айнымас ұстанымдарымыздың бірі. Арқалық қаласының тәртіп сақшылары үнемі қайырымдылық іс-шараларына белсенді атсалысып отырады", дейді Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы Нұрбол Саден.
Азық-түлік толы дорба арқалаған тәртіп сақшылары кеше үш үйге бас сұқты. Тосын тарту алып, көңілі жадырап қалған көп балалы аналар полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп жатты.
"Бүгін қалалық полиция басқармасының қызметкерлері үйімізге келіп, азық-түлік пен мектепке қажетті барлық құрал-жабдықты табыстады. Осындай қиын кезде қолда барымен бөлісу, қолдау беру – нағыз елшілдіктің белгісі деп білемін. Балаларымды қуанышқа бөлеген полицейлердің жұмысына табыс, отбасыларына амандық пен береке тілеймін", деді Мизхановтар әулетінің отанасы.