«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және тойлауға арналған басқа да орындарда өткізуге тыйым салынды.
Мобильді топтар күшейтілген режимде санитарлық нормалардың сақталуын бақылайтын рейдтер жүргізуді жалғастыратын болады. Тәртіп бұзушылар жауапқа тартылады.
Бірнеше рет бұзғаны үшін сот «Alanya» түнгі клубы мен «Tekuila» кафе-барының қызметін үш айға,«Janym Sol» караоке-барының қызметін бір айға тоқтатты. Сондай-ақ сотта 9 нысанға қатысты материалдар бар», деді Жанна Пірәлиева.