Спорт • 28 Желтоқсан, 2020

Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздігі атанды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Globe Soccer сайты Португалияның ұлттық құрамасы мен Туриннің «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналдуды ХХІ ғасырдың ең үздік футболшысы деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздігі атанды

Спорттық карьерасын Лиссабонның «Спортингінде» бастаған португалиялық сұрмерген 2003-2009 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтедте» өнер көрсетті. Одан кейін 10 жылғу жуық уақыт Мадридтің «Реалында» жасындай жарқырады. Дәл сол кездері ол толағай табыстfрға қол жеткізіп, бес рет ең үздік футболшыға тиесілі «Алтын допты» иеленді.

Бүгінгі таңда 35 жастағы Криштиану Роналду Италияның А сериясында атақты «Ювентустың» намысын қорғауда. Теңбіл доптың теңдессізін анықтау барысында ол аргентиналық Лионель Месси мен мысырлық Мұхамед Салахты басып озды.

ХХІ ғасырдың ең үздік жаттықтырушысы атағы «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиолаға бұйырса, «Баварияның» жұлдызы Роберт Левандовски 2020 жылдың ең үздік футболшысы деп танылды.