Кітап сюжеті бойынша басты кейіпкерлер бейберекет шашылған қоқыстармен күресіп, қалдықтарды бөлек жинауды насихаттайды. Сондай-ақ Көбейтұз қызғылт көлін, жасыл желекті орманды кесуден сақтауды көрсетеді.
Ертегінің жағымды кейіпкерлері арқылы балаларды игі істер мен табиғатқа ұқыпты қарауға, эко-адамгершілік педагогика әдісі негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу жатыр.
ӨКМ Операторының қолдауымен жарыққа шыққан ертегілердің авторы – №83 мектеп-гимназиясының оқытушысы Асқар Мұқанов. Сондай-ақ ертегінің жарыққа шығуына аталған мектептің бастауыш сынып мұғалімдері атсалысты. Кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған.
Ертегі кейіпкерлерінің образдары «Қайта өңдеуге» байқауында топ жарған суретші балалардың салған кейіпкерлерінен алынып отыр. Суретші-иллюстратор Ирина Хван аталған кейіпкерлерді кітап беттерінде сомдады. Авторлардың айтуынша, кітап отбасымен бірге оқуға арналған және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Экологиялық дағдыны қалыптастырып, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттауға бағыттайды.
Сонымен қатар «Рожденные мечтать» комиксінің онлайн тұсаукесері өтті. Графикалық романда жасөспірімдер экологиялық мәселені шешуге күш біріктіреді. Комикс авторы – Нұр-Сұлтан қаласының лингвистикалық колледжінің студенті Ева Агафонова. Экологиялық ертегілер сериясы мен комикс ӨКМ Операторының «EcoQolday» экологиялық қозғалысы аясында дайындалды.
Компания дарынды жастардың экологиялық жобаларын қолдауға әрдайым ниетті. Эко-білім беру жұмысы аясында экологиялық ертегілердің жаңа серияларын шығару, гринейктердің оқиғалары туралы анимациялық мультфильмдер мен балалар спектаклін дайындау жоспарлануда.