Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 149 адамнан коронавирус ПТР-тест арқылы анықталды.
«Науқастардың басым бөлігі, яғни 144 жұмысшы Теңіз кенішінде жұмыс істейді. Атырау қаласында 4, Жылыой ауданында 1 адам коронавирусқа шалдықты. Коронавирус 25 науқаста симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 43 адам сауығып шықты» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Үй жағдайында емделіп жатқан 290 адам бар. Бұдан бөлек, облыстық инфекциялық стационарда 91, аудандардағы стационарларда 38 науқас емделуде. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 778 адам жатыр.