Аймақтар • 05 Қаңтар, 2021

Атырау қаласында өзгеше жәрмеңке ашылды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық жас кәсіпкер Руслан Құлмағамбетов облыс орталығындағы «Сарайшық» базарының алдындағы алаңды қысқы ғажайыптар әлеміне айналдырған жәрмеңке ашты, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау қаласында өзгеше жәрмеңке ашылды

Мұнда бірнеше ағаш үй орнатылды. Түнде гирляндалар жанып тұрады. Ортада жаңажылдық шырша бар. Шырша жанына үрленген Аяз ата мен Ақша қар  қойылды. Жәрмеңкеде бургерге, хош иісті сусындарға тапсырыс беріп, музыка тыңдауға болады. Естелік кәдесыйлар, косметикалық бұйымдар сатылады.

«Өткен жыл бәріміз үшін оңай болмады. Бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Жаңа жыл қарсаңында сүйіктім екеуміз атыраулықтарға, қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Біздің кәсіпорынның жұмысшылар ағаш тақталардан үй тұрғызды. Жәрмеңкеге өз өнімдерін ұсынуға жас кәсіпкерлер шақырылды», дейді Руслан Құлмағамбетов.

Оның айтуынша, Еуропаның елдерін аралап, түрлі қалалардағы жәрмеңкелерді көрген. Соның ішінде Лондон қаласындағыдай жәрмеңкені Атырауда ұйымдастыруды көздеген  екен.