Аймақтар • 06 Қаңтар, 2021

Қоғамдық кеңестер жұмысын жетілдіру мүмкіндіктері

214 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақпарат мәселелері және қоғамдық кеңестер­дің қызметі туралы заң­дарға енгізілген жаңа толық­тырулар мен қоғамдық бақылау туралы заң жобасын түсіндіру жұмыстары бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

Қоғамдық кеңестер жұмысын жетілдіру мүмкіндіктері

Сапар барысында министр облыс басшылығымен, ішкі сая­сат, жастар саясаты, дін істері басқармаларының басшыларымен, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар жетек­шілерімен, әлеуметтік кәсіп­керлікпен айналысатын қоғам­дық ұйымдармен және волонтерлермен кездесті.

Атырау облысы жұртшы­лығы өкілдерімен кездесу барысында министр Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң­дар мемлекеттік орган­дар қыз­метінің де, квазимем­лекеттік ұйымдар жұмы­сының да ашық­тығын арттыру­дағы ма­ңыз­ды құжат екен­дігін атап өтті. «Заңнама­лық өзгерістер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын жүзеге асыруға ықпал етеді», деді А.Балаева.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақ­парат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Министрдің айтуынша, түзетулерге мемлекеттік ақпараттық тапсырыс берудің жаңа ережелері енгізілген. Олар республикалық және аймақтық деңгейлерде жалпы тақырыптық бағыттарды айқындауды қарастырады. Сонымен қатар осы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы заңға сәйкес Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіріп, әдістемелік қолдау көрсетеді.

Қазақстанда қоғамдық кеңестер 2015 жылдан бас­тап жұмыс істейді, ал жаңа түзету­­лер қоғамдық кеңестер құру мен олардың жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге жан-жақты мүмкіндік береді. Сөйтіп, қазір қоғамдық кеңес­терге НҚА жобалары мен үндеу­лерді олардың қоғамдағы өзек­тілікке сәйкес қарау туралы шешім қабылдауға өкілеттік берілді.

Облыс активімен кездесуде А.Балаева азаматтық қоғам институттарын мемлекеттің шешім қабылдау процестеріне тартудың келесі мақсатты қадамы «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы болатынын атап өтті. «Құрылымды қалыптастырушы Заң қоғамдық бақылаудың жүйеленуіне және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», деді ол.

Оған қоса, АБалаева аймақ жұртшылығы өкілдеріне «петиция» ұғымын енгізу мен оны қарау тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатқанын айтты. Сонымен бірге жұмыс сапары барысында министр Атырау облысы Дін істері басқар­масының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ, Аты­рау облысы Ішкі саясат бас­қар­масының «Азаматтық орталығы» КММ және облыс­тағы әлеумет­тік кәсіп­керлікті дамыту мәселелерімен айналысатын «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысты.

 

Атырау облысы