Руханият • 06 Қаңтар, 2021

Ескі қорымнан кітаптар табылды

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының тұрғыны Серік Төлеубаев облыстық та­рихи-өлкетану музейіне Хром­тау ауданының Тасөткел елді мекені жанындағы қорым­нан Қасым Өмірханұлы тапқан ескі кітаптарды тапсырды.

Ескі қорымнан кітаптар табылды

2019 жылы жазда Қарамола атан­ған ескі қорым жанында қой бағып жүр­ген Қасым қабірдің жанында жарты­лай ашылып қалған кітаптарды көр­ген. Бұл жөнінде ауылдың үлкен кісі­леріне барып айтқанымен, олар бас­тапқыда кітаптарды қазып алуға жү­рексініп, ақтөбелік журналист Серік Әбжә­миұлына хабарласады. Содан олар парақ­тары үгітілген араб ті­лін­дегі ескі кітап­тарды қазып алып, об­лыс­тық та­рихи-өл­кетану музейіне әкеліп тап­сырған.

«Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспанның айтуына қарағанда, бұлар – Ислам шариғаты туралы кітап­тар жиынтығы. 1930 жылдары дін адамдарын қудалау кезінде Тасөткел ауылының тұрғындары қорымға апа­­рып жасырған болуы әбден мүм­кін. Облыстық тарихи-өлкетану музейі ғылыми-зерттеу бөлімінің мең­герушісі Ләззат Нұркеева ХІХ ға­сырдың соңы мен ХХ ғасырдың ба­сында шыққан кітаптар екендігін айтты. Қазан қаласында басылған діни кітаптар төңкеріске дейін Қарабұтақ өңіріндегі мешіт ұстаған имамдар мен медресе оқытушыларының қолындағы құнды дүние болғаны ақиқат.

Қорымнан табылған ескі кітаптар қайта қалпына келтіріліп, мамандар баспасы мен авторлары, шыққан жылдарын анықтаған соң облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясына қойылады.

 

АҚТӨБЕ