Аймақтар • 06 Қаңтар, 2021

Атырауда жолаушыларды метанмен жүретін автобустар тасымалдайды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында жолаушыларды тасымалдау үшін «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС-нің қаржысына метанмен жүретін 160 жаңа автобус сатып алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жолаушыларды метанмен жүретін автобустар тасымалдайды

«Жаңа автобустардың қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында автопарк аумағында оңтүстіккореялық компрессорлармен қамтылған метан газын құю бекеті ашылды. Жаңа газ құю бекеті толық автоматтандырылған. Өндіруші тарап бекеттің қызметіне 10 жылға кепілдік беріп отыр. Мұнда әр автобус 15-18 минутқа кідіреді. Бір мезгілде қатар тұрған 6 автобусқа «көгілдір отын» құю мүмкіндігі бар» дейді автопарк директоры Қуантай Қалман.

Оның мәліметінше, экоавтобустар Атырау қаласы мен қала маңындағы елді елді мекендер тұрғындарын 6 бағытта тасымалдауды бастады. Атырау қалалық әкімдігі жолаушылар тасымалдайтын автобустар санын 140-тан 250-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Ал 220 автобуста мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-түсуіне қолайлы жағдай жасалады.

«Биыл қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жолаушылар тасымалындағы жеті  бағытта автобустардың қозғалыс уақыты жеделдетілді. Маршруттардың жүру бағытына өзгерістер енгізіліп, ұзартылды. Қалада бұрын қамтылмай келген үш бағытқа жаңадан автобустар шығарылды», деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жақында жаңадан бес маршрутты іске қосу жоспарланып отыр.