Жаңа кірген жыл қазақ руханиятында ерекше орны бар, көзі тірісінде-ақ жыр алыбы атанған ақын, жыршы, жырау Жамбыл Жабаев жылы аталды. Соған орай жыр алыбының 175 жылдығы республикалық деңгейде түрлі іс-шаралармен аталып өтетіні анық. Оның ішінде әрине, Жамбыл шығармаларының толық жинағы, оған қатысты ғылыми зерттеулердің бірқатары қайта басып шығарылатыны белгілі.

Жуырда ғана газетімізде академик Сейіт Қасқабасов пен жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Жамбылтанудағы өзекті мәселелер» (29 желтоқсан, 2020 жыл) атты мақаласы жарияланды. Сонда ұлы тұлғаны зерттеуге, танытуға, насихаттауға қатысты бірқатар өзекті мәселелер аталып өткен болатын. Авторлар тұлғаны зерттеу бағытындағы шығармаларды қайта басып шығару мәселесін де қамтыды. Біз де жазбамызға дәл осы кітап басып шығару мәселесін арқау еткіміз келеді. Бірақ сәл басқаша қырынан келіп отырмыз.
Өз басымыз құбылыс деген сөзді тура мағынасында Жамбыл Жабаев тұлғасына қатысты қолданар едік. Он жасынан бастап қолына домбыра ұстаған, жанынан суырып өлең шығарған талант иесі тоқсан тоғыз жас жасап, өмірінің соңына дейін жырлап өткені тарихи шындық. Тоқсан екі жасына дейін бір де бір шығармасы қағаз бетіне түспеген ақынның өлген соң соңында мол мұрасы қалды.
Алла тағала ерекше күш-қуат, тегеурінді талант сыйлаған, жұмбақ тағдыр иесі туралы аңызы мен шындығы аралас сан алуан пікір ел ішін кезіп жүргені де рас. Оның ішінде ақын тұлғасына қатысты «қолдан жасалған», «кеңес өкіметінің жемісі» дегенге саятын, ауыр, ешкімге де абырой әпермейтін пікірлердің бар екені қынжылтады. Әрине, бұл сияқты пікірді айтатындар орысша жазылған материалдарға сүйенетіні белгілі. Олар шынын айтқанда өткен ғасырдан бері ақын өлеңдерін орысшаға аударған Павел Кузнецовты әлдеқандай қып, «ауылдан шыққан сауатсыз шал соның арқасында әлемге танылды» деген ыңғайдағы мақалаларды әлі күнге басшылыққа алады.
Үкіметтен көрген жақсылығын тізіп, атақ-марапат бұйырғанда қанша сом алғанын, көлігінің маркасы қандай болғанын, қанша бөлмелі үйде тұрғанын, жанында кімдер қызмет еткенін жария қылуды еш ұмытпайды. Ал жасында үлде мен бүлдеге оранбаған, тар жол тайғақ кешулерден өткен, өмірдің ыстық-суығына төзген, мейіздей боп қатқан дана қарт сондай «әлпешке» қаншалықты мұқтаж еді деп ойланғылары келмейді.
Адамның физикалық мүмкіндігі шектеулі екені өз алдына, күні еңкейген кез келген қарт кісі дүниеден бой суытпай ма? Жамбыл секілді өз қадірін де, сөз қадірін де терең білген тұлғаны үкімет берген азын-аулақ тиын-тебенге «матап», саясиландыру кімге керек? Қынжыламыз, бірақ қайсыбірінің атын атап, түсін түстейсің. Ниеттері белгілі. Бұл жерде тұлғаның рухани әлемі, бай да мазмұнды шығармашылығы туралы зерттеулердің, материалдардың көп екені, оның таразының басын басып кететіні дәтке қуат. Әйтсе де осы зерттеулер, мақалалар қолжетімді болса екен дейміз. Іздегенде көзіңе әлгіндей нашар пиғылдағы материалдар емес, жамбылтануға үлес боп қосылған, сауатты зерттеулер шалынса қандай жақсы. Олар кітапқа айналып, басып шығарылса, кітап дүкендерінде сатыла бастаса, кітапханаларға қойылса, нұр үстіне нұр болар еді. Олай дейтініміз, Жамбыл шығармашылығына қатысты зерттеулер мол болса да, қолға ұстайтын кітап саны көп емес. Олардың өзі кітапханаларда қолдан қолға өтіп ескірген, парақтары сарғайған, жыртылған. Ал дүкендерден таппайтының басы ашық нәрсе.
Жамбыл жылын желеу етіп, жамбылтануға қатысты материалдарды бір жаңартып алатын кез келгенін қайталап айтудан арланбаймыз. Жамбылтану ғылымының іргетасын қалаған – жазушы М.Әуезов. Әдебиет тарихында С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, С.Қирабаев, М.Базарбаев, М.Хакімжанова, Р.Сыздықова, С.Қасқабасов, С.Негимов сынды белгілі жазушылар мен ғалымдардың Жамбыл шығармашылығы туралы жекелеген құнды мақалалары бар. Ғылыми айналымға еніп кеткен осы дүниелердің басын біріктіріп, ең жоқ дегенде қос томдық шығаруға болатын шығар деген ойдамыз. Оның сыртында С.Садырбаев, М.Жолдасбеков, басқа да жамбылтанушы ғалымдардың еңбектері бір бөлек. Ғылым ордасының, Ғылыми кітапханасының сирек қорында С.Бегалиннің «Жамбылдың өмір кезеңдері» атты 1941-1945 жылдардағы экспедициядан жинаған материалдары қолжазба күйінде сақтаулы тұр. Бұл оның ғылыми монографиясы. Осы қолжазба кітап боп басылып шықса, жамбылтануға қатысты ғылыми айналымдағы деректер көбейе түседі деп ойлаймыз. Сирек қорда тұрған дүниелерді кітапқа айналдыру тәртібі қандай екенін білмеймін. Десе де Жамбыл шығармашылығына қатысты қолжазбалар, жолжазбалар, мақалалар, зерттеулер, яғни бүкіл құнды материалдар кітап болып басылса, бүгін өтіп, ертең ұмытылатын дөңгелек үстелдер мен басқа да сол сияқты шаралардан әлдеқайда пайдалы болар ма еді деп ойлаймын. Жамбыл шығармашылығын, ол туралы зерттеулерді молынан насихаттай алсақ, Жамбыл жайлы жаңаша зерттеулерге, тың пайымдарға жол ашылатын сияқты боп көрінеді.
Осы мақаланы жазып отырып ұстазым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Болат Қорғанбектің бір отырыста осы уақытқа дейін Жамбыл Жабаев шығармашылығын өз деңгейінде танымай жүргеніміз туралы айтқан пікірі есіме түсті. Ол қоғамда ауыз әдебиетін архаизм деп қарайтын түсініктің қалыптасқанын, соған сәйкес Жамбыл тұлғасын түсінбеушілік бар екенін, айсбергтің сыртқа шығып тұрған бөлігін ғана көретініміз сияқты, біз оның тұлғасының кішкене ғана бөлігін танып жүргенімізді айтып еді. Расында да оның тастай қисыны, сөз тапқыштығы, жылдам жауап қайтаратыны, жад қуаты әлі талай дискурстық, текстологиялық зерттеулерге сұранып тұр емес пе? Одан бөлек оның рухани ілімі жайлы зерттеулер жоққа тән. Рухани ілімді меңгермеген кісі кім қанша жерден қолпаштаса да, ондай зор құбылысқа айнала алмайтыны белгілі. Айналып кеп «Менің пірім – Сүйінбай» дегенін қайталай береміз. Дін сұмдық саясиланған осы қоғамда ол туралы ғалымдар жақ та ашпайды. Екінші бір мәселе – ғылыми айналымда жүрген зерттеулердің басым бөлігінен Жамбылдың қарт кезіндегі тұлғасын танимыз. Жастық шағы, кемеліне келген, қалыптасқан кезеңдері жайлы мәліметтер көп емес. Оның өзі айтыстарына барып тұйықталады. Жалпы, Жамбылдың рухани бай әлемі әлі де өзінің жан-жақты ізденгіш, білімді зерттеушілерін күтіп тұр. Ол үшін жоғарыда айтқанымыздай тұлға жайлы еңбектердің насихаты күшті болуы керек. Екіншіден, жамбылтануға үлес боп қосылған сауатты, салиқалы еңбектердің сапалы әрі мол тиражбен кітап боп басылып шығуын тиісті мекемелер қолға алса дейміз. Сауатты зерттеулер жаңаша пайымдарға жол ашатынын ескерсек екен.
Елімізде бір тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Теннис • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:54
«Сары мысық» фестивальді ашады
Кино • Бүгін, 07:52
Руханият • Бүгін, 07:50
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Оқиға • Бүгін, 07:40
Әлем • Бүгін, 07:38
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Жұмыскерлер жалақысы 30 пайызға өседі
Қоғам • Бүгін, 07:29
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қоғам • Бүгін, 07:27
Шымкенттіктерді қоныс аударуға шақырды
Аймақтар • Бүгін, 07:26
Заң шығару талаптары жаңартылды
Саясат • Бүгін, 07:25
Бірінші тоқсанда – 19 848 бірлік автомобиль
Экономика • Бүгін, 07:24
Бурабай баурайындағы берекелі бірлік
Аймақтар • Бүгін, 07:22
Вокзалдардағы шектеулер туралы
Қоғам • Бүгін, 07:20
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 07:17
Көп қабатты тұрғын үйге сұраныс көбейді
Қоғам • Бүгін, 07:14
Сұхбат • Бүгін, 07:13
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Ауыл • Бүгін, 07:12
Астық егетін аймақтарда науқан мамырда басталады
Экономика • Бүгін, 07:12
Төрт боксшы ширек финалға шықты
Бокс • Бүгін, 07:10
45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды
Қоғам • Бүгін, 07:05
Инвестициялық штаб жиынында қаралды
Үкімет • Бүгін, 07:01
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
Қоғам • Кеше
Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды
Спорт • Кеше
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Кеше
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Кеше
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Кеше
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Кеше
Теннис • Кеше
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Әлем • Кеше
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Кеше
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Кеше
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Кеше
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Кеше
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Кеше
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Кеше
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Кеше
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Кеше
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Кеше
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Кеше
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Кеше
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Кеше
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • 17 Сәуір, 2021
Әлем • 17 Сәуір, 2021
Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті
Видео • 17 Сәуір, 2021
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • 17 Сәуір, 2021
Вакцина дінге қайшы келмейді - Алматы мешітінің бас имамы
Қоғам • 17 Сәуір, 2021
Елордада тағы бір сауда ойын-сауық орталығында КВИ-ге қарсы вакцинация пункті ашылды
Коронавирус • 17 Сәуір, 2021
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • 17 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар