Сайлау • 07 Қаңтар, 2021

Бизнесті кеңінен қолдау – табыс кепілі

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ADAL партиясынан Мәжі­л­іс депутаттығына үміткер­лердің өңірлердегі жұмыс сапарлары тұрғындармен маңызды кездесулермен ғана емес, сонымен бір­ге әлеу­меттік және мәде­ни с­ал­мағ­ы бар нысандар­ды а­ра­­лауы­мен де ерекше­ленеді.

Бизнесті кеңінен қолдау – табыс кепілі

Кеше Семей қаласында жүр­ген үміткерлер Дәулет Мұқаев, Ардақ Назаров, Олжас Ордабаев­тар қоғам қайраткері, журналист, этнограф, Алаш партиясы жетекшілерінің бірі Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

«Бұл – өз елінің Тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ халқының көр­некті ұлына деген құрметтің бел­гісі», дейді үміткерлер. Кан­ди­даттар гүл қою рәсімі кезін­де Әлихан Бөкейханның шына­йы пат­риотизмнің және Отанға қыз­мет етудің үлгісі екенін атап өтті.

Сонымен бірге Шығыс Қазақ­стан облысының «Приреч­ное» ауылында үміткер Алмасбек Садырбаев «Агрофир­ма «Приреч­ное» ЖШС қызмет­кер­лерімен кездесу өткізді. Ол партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді және кәсіп­орын қызметкерлерінің ұсыныс­тарын тыңдады.

Кездесуге қатысушыларды кәсіп­керлік пен ауыл шаруа­шы­лы­ғын қолдауға бағытталған бағ­дар­ламаның міндеттері қызық­тырды. Кәсіпорын қызметкерлері бизнестің дамуын жеңілдететін жаңа жағдайлар жасауды ұсынды.

Спикер атап өткендей, партия шағын фермерлерді 2%-бен микронесиелеу арқылы қолдау қажет деп санайды. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ынтымақ­тас­тығының арқасында өндірісті 20%-ға ұлғайту, субсидиялар ар­қылы озық технологияларды енгізуді ынталандыру және шығын­дарды азайту қажет.

Жиналысқа қатысушылар ұсынылған шараларды қолдай­тынын жеткізді.

ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалидің айтуынша, партия тарапынан қазіргі таңда өте ауқымды, маңызды жəне қа­жет­ті жұмыстар атқарылған.