Қоғам • 07 Қаңтар, 2021

Алматы тұрғыны өрт сөндірушілерге алғыс айтты

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы ТЖД бастығының атына Медеу ауданы Зенков көшесінде тұратын алматылық азаматтан Тәтібеков көшесінде орналасқан дүкеннен шыққан өртті жедел арада сөндірген  №5  мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімі мен № 7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтқан хат келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тұрғыны өрт сөндірушілерге алғыс айтты

2020 жылғы 14 желтоқсанда  сағат 00.45-де өрт сөндіру көліктері өрт шыққан оқиға орнына жіберілді. Өрт сөндірушілер 4 минуттың ішінде келгенде 50 шаршы метр аумақта «Мұхтар» азық-түлік дүкенінің шатыры жанып жатқанын анықталды. Оттың жанып жатқан дүкеннің оңтүстік жағында жарты метр қашықтықта орналасқан екі тұрғын үйге таралу қаупі туындады. Өртті сөндіруге және жақын орналасқан тұрғын үйлерді оттан қорғау үшін өрт оқпандары жіберілді. Отпен күресушілер газ кескіш арқылы үйдің шатырын ашып өрт оқпандарын өрт ошағына тікелей бағыттағандықтан  өрт тез арада  сөндіріліп, жарты сағаттың ішінде толықтай жойылды. Қабылданған шаралар арқылы қызыл жалынның тауарлы-материалдық құндылықтар сақталған дүкен ғимараты мен ательеге жайылуына жол берілмеді.

«Мен №7 ӨСБ мен №5 МӨСБ ұжымына үлкен алғыс айтамын және ауыр еңбектері мен кәсіби шеберліктеріне рахмет айтқым келеді. Олардың ұйымдастырылған, жедел түрде атқарған жұмыстарын сыртынан бақылап тұрғанда өте жақсы әсер қалдырды, өрт жауынгерлеріне зор денсаулық және еңбектеріне табыс тілеймін», - деп жазылған алматылық азаматтың  хатында.