Елордада қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиында елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, сайлау учаскелерінде дайындық және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Қазіргі уақытта елордада тәулігіне 50-ден 120-ға дейін ауру тіркелген. КВИ диагностикасы бойынша тәуліктік қуаты 12 250-ге дейінгі 21 зертхана мен 7 инфекциялық және бір карантиндік стационар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта барлық зертханалардың жүктемесі 25-тен 40%-ға дейін, күніне 1 500-ден 5 000-ға дейін зерттеулер жүргізіледі. КВИ диагнозы расталған стационарлардағы пациенттер саны 212 адамды, пневмониямен 39 адамды құрайды.
Сайлау учаскелеріне қатысты тоқталсақ, қала аумағында барлығы 283 сайлау учаскесі орналасқан, оның 248-і ашық және 35-і жабық (мед. орталықтар, ауруханалар, әскери бөлімдер және т.б.)
Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу алгоритміне сәйкес, 2021 жылғы 5-8 қаңтар аралығында елордада сайлау комиссияларының мүшелерін, сенім білдірілген тұлғалар мен бақылаушыларға ПТР-тестілеу жүргізіледі.
«Сайлау учаскелерінде жұрттың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында тұрғындар үшін арнайы шығу жолдары қарастырылатын болады. Барлық учаскелер дайын болуы және қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталуы керек: дезинфекциялық кілемшелер, едендегі белгілер, қатысушылардың қозғалысына арналған қоршаулар мен тосқауыл таспалары, пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, антисептикалық заттар, жеке қорғаныс құралдары. Жалпы, қаланың барлық қызметі елорда тұрғындары 10 қаңтарда азаматтық және конституциялық борышын еш кедергісіз орындай алуы үшін жоғары дайындық жүргізуі тиіс», – деп атап өтті әкімнің орынбасары.
Жиын қорытындысы бойынша Бақтияр Мәкен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша карантиндік шараларды күшейтуді, барлық сайлау учаскелерінде қауіпсіздік паспортының болуын және санитарлық нормалардың сақталуын тексеруді, қалалық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, елорда коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары аймақта» орналасқан. Тұрғындар барлық шараларды, яғни бетперде киіп, ара қашықтықты сақтау керек.
Коронавирус жұқтырған 274 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Қазақстанда 1163 адам ем-дом алды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 1413 адамда коронавирус анықталды
• Бүгін, 09:02
Қазақстан Чехия нарығына 45 өнімді экспорттайды
Экономика • Бүгін, 09:01
Жоғары оқу орындарына талап қатайтылады
Пікір • Бүгін, 08:58
Биыл – «Жарқыраған мың күндік» жылы
Оқиға • Бүгін, 08:51
Руханият • Бүгін, 08:50
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Үндістан да Еуроодаққа үміт артады
Әлем • Бүгін, 08:44
Ресейлік вакцинаға сұраныс көп
Пікір • Бүгін, 08:42
QazCovid-in сенімді компоненттерден тұрады
Коронавирус • Бүгін, 08:40
Парламент • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:30
Білім саласында заңсыздық белең алып тұр
Қоғам • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Заманауи заңдар дамуға серпін береді
Пікір • Бүгін, 08:20
Асыл тұқымды шаруашылықтардың мүмкіндігі артады
Парламент • Бүгін, 08:18
TLab өнімі вирусқа қарсы талдау жасайды
Технология • Бүгін, 08:13
Экспорттаушыларға электронды шот-фактуралар қажет
Оқиға • Бүгін, 08:12
60 мыңға жуық құжат электронды форматқа көшірілді
Технология • Бүгін, 08:11
Инфрақұрылым деректері цифрлануда
Технология • Бүгін, 08:10
Ақтаудың ажарына көлеңке түсірген ескі үйлерді неге жаңғыртпаймыз?
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Әдебиет • Бүгін, 08:08
Мораторийге өзгеріс енгізуге қарсы
Қаржы • Бүгін, 08:08
Әдебиет • Бүгін, 08:06
Бөтен немесе адамдар қалай құбылады?
Әдебиет • Бүгін, 08:05
Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтінім берер кезде нені ескеру керек?
Экономика • Бүгін, 08:05
Қаражат тарта білу де бір өнер
Қаржы • Бүгін, 08:05
Экономика • Бүгін, 08:04
Шәрбану шығармаларындағы нарратология мәселелері
Таным • Бүгін, 08:03
Нейро-мониторинг көп қауіптің алдын алады
Медицина • Бүгін, 08:01
Пікір • Бүгін, 08:01
Екпе салу – қауіптің алдын алу
Коронавирус • Бүгін, 08:00
Пікір • Бүгін, 08:00
Күрделі операциялар да қолдан келеді
Медицина • Бүгін, 07:58
Полиция қызметіне серпіліс әкелетін модель
Пікір • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:55
Суперкубок иегеріне – 25 миллион теңге
Футбол • Бүгін, 07:53
Өнер • Бүгін, 07:52
Теңсіздікті жоюдың тиімді тәсілі
Саясат • Бүгін, 07:50
Руханият • Бүгін, 07:47
Кино • Бүгін, 07:45
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма
Қазақстан • Кеше
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Қарағандылық тележурналист Қасымның кинодағы рөлін сомдады
Аймақтар • Кеше
Әріптестік әлеуеті жеміс беруде
Аймақтар • Кеше
Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы егілді
Қоғам • Кеше
Қазақстандықтарды вакцинациялау мерзімі белгілі болды
Қазақстан • Кеше
«Menin Armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Руханият • Кеше
Аудан әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Аймақтар • Кеше
Оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды
Аймақтар • Кеше
Марат Шоранов халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тәртібін түсіндірді
Коронавирус • Кеше
Алматыда балмұздақ байқауы өтті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қайсар» Түркияда жолдастық кездесулер өткізеді
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс ратификациялық заң жобаларын мақұлдады
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар