Қоғам • 07 Қаңтар, 2021

Ақтоты Райымқұлова жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтоты Райымқұлова жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Министр іс-сапарды Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік мұрағат пен кітапхана құрылысы жобасының тұсаукесерімен танысудан бастады. Осыдан кейін Мәртөк ауданындағы Мәртөк ауылына барып, дене шынықтыру жəне сауықтыру кешенін, өткен жылы жұмыспен қамтудың жол картасы аясында күрделі жөндеуден өткен аудандық мәдениет үйін көрді. Аудандағы «Зәру» пантамен емдеу-санаторийінде атқарылған жұмыспен, өңірдің туризмін дамыту жоспарымен танысты.

Осыдан кейін қаладағы ат спорты түрлерінен №10 облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебіне барды. Мектепте иппотерапия әдісімен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және емдеу үшін салынған жабық манеждің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің жай-күйімен танысып, «Жекпе-Жек» сарайына барды. Облыстық тарихи-өлкетану музейін аралаған министр «Өнер орталығы» ғимаратында зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, өңір мəдениетін, спортын дамытуға үлес қосып келе жатқан бірқатар азаматты Министрлік наградасымен марапаттады.