Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021

Індет жұқтырудың 7%-ға өсуіне жағдайы жеңіл және орташа науқастар септесіп отыр

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте COVID-19-ға қарсы күрес бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әлеуетті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

Індет жұқтырудың 7%-ға өсуіне жағдайы жеңіл және орташа науқастар септесіп отыр

 

Н.Табынбаев атап өткендей, бүгінде 691 адам медициналық бақылауда –278 симптомсыз және 413 науқаста аурудың жеңіл белгілері бар. Соңғы екі аптада осы санаттағы пациенттердің саны бір деңгейде – 650-ден аспаған. Жұқтырудың 7%-ға өсуі жеңіл және орташа ауырлықтағы симптомдары бар пациенттердің есебінен жүріп жатыр.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы COVID-19-ға қарсы күресте алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әлеуетті арттырып отыр. Егер 2020 жылдың маусымында мобильді бригадалардың саны 72 болса, бүгінде олардың саны 298-ге жетті. Тартылған мамандар саны 5 есеге артты.

Сонымен қатар, амбулаториялық емделуде жатқан COVID-19 бар пациенттерді жүргізуде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын қолдау мақсатында телемедицина орталығы құрылды. Оның мақсаты – осал науқастарды – бұл қарт адамдар мен жанама аурулары бар науқастарды қашықтықтан бақылау және кеңес беру. Соңғы екі айда 1 қарашадан 4 қаңтарға дейін орталық мамандары 10 000-ға жуық кіріс қоңырауларын қабылдап, 40 000-ға жуық шығыс қоңырауларын жасады.

Жұмыс ковидті пациенттерге көп көңіл бөле отырып, жоспарлы пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына әсер етпейтіндей етіп құрылған. КВИ-дің теріс нәтижесі болған жағдайда азаматтар емхана дәрігерінің жолдамасы арқылы ем ала алады. Бұл ретте, ПТР-тестілеуді емхана тегін жүзеге асырады, тесттің қолданылу мерзімі 5 күнді құрайды.

«Біз пациенттерге қандай қамқорлық көрсетсек, әріптестерімізге де сондай қолдау көрсетеміз. Сондықтан ПТР жасай отырып, біз, бірінші кезекте, олардың жұқтыру қаупін азайтамыз. Шұғыл жағдайда ауруханаға жатқызу кезінде ПТР стационарда жүргізіледі», деді Н. Табынбаев.