Ақтөбе облысына келген Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өңірдегі мәдениет және спорт мекемелерінің жай-күйімен танысты. Аудан жастарының бұқаралық және кәсіби спортпен көптеп шұғылдануына аудан орталықтарында салынып жатқан заманауи спорт кешендерінің де ықпалы зор. Жүзу бассейні, бірнеше жаттығу залдары бар, спорттық жабдықтармен жарақтандырылған кешендер жұмыс істей бастағалы жасөспірімдердің де спорттық секцияларға көптеп жазылып, спортпен шұғылануға ықыластарының артқанын байқауға болады.

Ведомство басшысы Мәртөк ауданында болып, мәдениет пен спорт мекемелерін аралады. 2019 жылы аудан орталығында спорт мектебінің ашылуы жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жол ашты. Бүгінде шаңғы, биатлон, көп сайыстан жақсы өнер көрсеткен осы ауданның балғын спортшылары республикалық құрама команда қатарына алынса, 10 жас биатлоншы Ақтөбе қаласындағы облыстық олимпиадалық резерв мектебінде оқиды. Мәртөк мектебінің мықты болуы жаттықтырушыларының арқасы. Бұл жақта кеңестік заманнан жалғасқан жаттықтырушылық мектеп әкеден балаға, ұстаздан шәкіртке сабақтасып келеді. Бір кемшілігі заманауи спорт мектебінің болмауы, спорт жабдықтарының ескілігі болатын. 160 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынғалы аудан жастары бірнеше спорт түрімен шұғылдана бастады. Бұл жерде 50-ден астам бала суға жүзумен де айналысады. Бассейн есігі сенбі, жексенбі күндері мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасылардың балалары үшін ашық әрі жаттығу тегін. Спорт кешенінде жұмыс істейтін жаттықтырушылар саны артқан. Олардың еңбекақысы жөнінде сұраған министр «Жаттықтырушылар мен спорт нұсқаушылары базалық айлық есептің 100 пайыздық деңгейінде еңбекақы алуы керек», деп тапсырма берді. Өйткені, ақылы негізде жұмыс істейтін спорт секцияларынан түскен төлемнің қандай да бір бөлігі жаттықтырушыларға берілуі қажет.
Қысқы спорт түрлері жақсы қарқынмен дамып жатқан Мәртөк ауданының ауылдық округтерінде де бұқаралық спорт түрлерін дамыту жоспарға енгізілген. Биыл жаздан бастап Саржансай, Қаратоғай, Родниковка елді мекендерінде спорт залдары, Сарыжар, Жайсаң елді мекендерінде ангар түріндегі спорт кешендері салынатын болды.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен өңір басшысы Оңдасын Оразалин аудандық кітапхана қорын аралап, аудандық мәдениет үйінде қолөнерші Ерқосай Әбілов пен ағаш ұстасы Еділбай Ұзақбаевтың көрмесімен танысты. 1976 жылы салынған Мәртөк аудандық мәдениет үйі өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Бюджеттен бөлінген 145,8 млн теңге қаржыға жөндеу жұмыстарын «KND Construction» ЖШС-і жүргізді. Құрылысқа Мәртөк ауданының 21 жұмыссыз тұрғыны тартылған. Қазір 460 орынға кеңейтілген Мәдениет үйінде 18 үйірме жұмыс істейді. Бұл жерде министр мен өңір басшысы ауыл клубтарының жетекшілерімен кездесіп, елді мекендердегі мәдениет ошақтарының қазіргі жағдайы туралы әңгімелесті.
Осыдан кейін А.Райымқұлова Ақтөбе қаласындағы Қысқы спорт түрлеріне арналған облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне барып, жаттықтырушылар мен тәрбиеленушілермен кездесіп, Кірпішті елді мекеніндегі ұзындығы 11,5 шақырым болатын роликті шаңғы жолының ашылуына қатысты. Сапар соңында министр Ақтөбедегі облыстық филармония ғимаратында мәдениет қызметкерлерімен кездесті.
Ақтөбе облысы
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар