Аймақтар • 08 Қаңтар, 2021

Атырауда көлігімен итті сүйреген жүргізуші тергеліп жатыр

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда итке қатыгездік жасау тоқтар емес. Былтыр итті азаптауға байланысты бірнеше дерек тіркелген еді. Енді міне, бұл жолы есірген жүргізуші көлігімен итті сүйреп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда көлігімен итті сүйреген жүргізуші тергеліп жатыр

Кеше бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарап, жұртшылықтың ренішін туғызды. Жұрттың жағасын ұстатқан оқыс оқиға Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында болған.  

«Аталған дерекке байланысты Атырау қаласында тұратын автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Жүргізуше қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 316-бабымен (Жануарларға қатыгездік жасау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деп мәлім етті  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.