Сайлаудың өту барысы туралы жедел ақпарат тарату мақсатында Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды.
Баспасөз орталығы жұмысының қағидаттары - Алматыдағы сайлау барысы туралы қалың жұртшылықты бірінші кезекте хабардар етудегі объективтілік пен жеделдік және беделді сараптама.
Бақылаушылар мен БАҚ өкілдерін ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырады.
Барлық отандық және халықаралық бақылаушылар 1308, +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөмірлері бойынша және info@rsk.almaty. kz. электрондық мекен-жайы арқылы баспасөз конференцияларын өткізуге өтініш бере алады.
Баспасөз орталығында журналистердің жедел жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған. Баспасөз орталығы заманауи техникамен және компьютерлермен, интернетке шығу және wi-fi-ға қосылу мүмкіндігі бар 40-қа жуық жұмыс орындарымен жабдықталған.
Бейнеконференциялық байланыс режимінде және Zoom платформасында бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік бар.
Жалпықалалық баспсөз орталығы «Қазақстан» қонақ-үйінде, «Алтын Емел» залы, 1 қабатта орналасқан. сұрақтар бойынша +7 747 615 6602 нөміріне хабарласуға болады.