Сайлау • 09 Қаңтар, 2021

Сайлау: 9 қаңтар - тыныштық күні

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 9 қаңтар ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы «тыныштық» күні. Бұл күні сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың үгіт жүргізуіне тыйым салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау: 9 қаңтар - тыныштық күні

«Сайлау күні және оның алдындағы күні сайлау алдындағы кез келген үгітке тыйым салынады. Ол - тыныштық күні. Сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрын ілінген басқа да үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісінде бұрынырақта жарияланған үгіт материалдары бұрынғы орнында сақталуы мүмкін. Бұрын жарияланған материалдарды интернет-ресурстың басты бетіне шығаруға рұқсат берілмейді», - деген болатын ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.