«Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев сайлау өтетін күні жолаушыларды тегін тасымалдауға ұсыныс білдірді. Әкімнің бұл ұсынысы жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялар тарапынан қолдау тапты. Бұл күні Атырау қаласындағы 26 маршрутта жүретін автобустардың бәрі жолаушыларды тегін тасымалдайды» деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.