Аймақтар • 09 Қаңтар, 2021

Атырауда 2 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген шетелдік ұсталды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында патрульдік полиция қызметкерлері 1 млн және 2 млн теңгеден асатын айыппұлы төленбеген екі автокөліктің иесін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда 2 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген шетелдік ұсталды

«Мәселен, 6 қаңтарда полиция қызметкерлері Азербайжан Республкасында тіркелген Lexus GX470 маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде көлікті Грузия Республикасының 39 жастағы азаматы басқарғаны анықталды. Аталған көлік иесінің 2 млн теңгені құрайтын 123 айыппұлын төлемегені белгілі болды. Ал, 7 қаңтарда Армения Республикасында тіркеуде тұрған «Toyota Ipsun» маркалы көлігі тексерілді. Бұл көлікті басқарған жүргізушінің 1 млн 63 980 теңгені құрайтын 35 айыппұлын төлемеген болып шықты» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 785-бабына сәйкес, екі көлік арнаулы айып тұрағына қойылды.