Оның ішінде Атырау қаласынан 24 науқас тіркелді. Теңіз кенішінде 57 жұмысшы, Құрманғазы ауданында 11 адам қауіпті вирусты жұқтырып отыр. Ал 14 науқаста коронавирустың симптомды түрі анықталды.
«Өткен тәулікте 134 адам қауіпті індеттен жазылып шықты. Қазір 240 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 98, ал аудандардағы стационарларда 27, Теңіз кенішіндегі стационарда 803 адам ем қабылдап жатыр» деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.