Қоғам • 09 Қаңтар, 2021

Мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту құрылғыларын онлайн ала алады

913 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр елінде мүмкіндігі шектеулі жандар бұдан былай оңалту құрылғыларын портал арқылы онлайн ала алады. Яғни бұрынғыдай әлеуметтік орталықтарға барып, өтініш қалдырып, уақыт шығындап, жүйке жұқартпайды. Бұл үшін әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту құрылғыларын онлайн ала алады

Осы жылдың қаңтар айынан бастап мүгедектер үшін оңалту құралдарының 55 техникалық түрі мен қызметтері қолжетімді. Атап айтқанда, санаторий-курорттық емдеу, протез-ортопедиялық көмек, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері осы портал арқылы іске асады.

Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті оңалту құрылғыларын алуға бөлінген қаржы да көбейген. Яғни оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді қамтамасыз етуге республикалық және облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

Мәселен, пилоттық негізде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 11 мүгедек ымдау тілі қызметін, 10 адам жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін, 11 адам санаторлы-курорттық емдеу қызметін алған.  

Айта кету керек, облыста 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, оның 5 мыңы балалар.

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35