Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Қазірге Алматыда 109 мыңдай адам дауыс берді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының сайлау учаскелеріндегі ағымдағы жағдай туралы жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазірге Алматыда 109 мыңдай адам дауыс берді

Қазіргі уақытта Алматы қаласында сайлау өтіп жатыр. Ж.Асанованың айтуынша, сайлаушылар тізімінде 1 132 232 адам бар. Қазіргі уақытта, сағат 10.45-те 109 мыңнан астам адам дауыс берді. Бұл ретте түрлі жағдай орын алуда. Оның барлығы шұғыл түрде шешілуде. Негізінде, айтарлықтай заң бұзушылық немесе азаматтардың құқықтары жоқ. Барлық даулы мәселелер сайлау учаскелері шеңберінде шешіледі. 

Сағат 12.00-ге дейін үйде дауыс беруге өтініш беруге болады.

Жалпы Ж.Асанованың айтуынша, жағдай тұрақты. Дауыс беру кезінде сайлау процесіне қатысушылар арасында ұсақ-түйек түсініспеушіліктерсіз жүрмейтіні анық.

«Мұның бәрі жұмыс тәртібімен шешіледі. Қазіргі уақытта заңнамаларды өрескел бұзу немесе қандай да бір жағдайлар туралы айта алмаймыз. Өйткені бәрі қалыпты жағдайда жүріп жатыр», деп атап өтті ол.