Қоғам • 11 Қаңтар, 2021

Қалыпты жағдайда өтті

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлау күні Ақтөбе облысында 517 сайлау учаскесі қызмет көрсетсе, оның 162-сі Ақтөбе қаласында орналасқан. Еліміздегі маңызды саяси науқан өтетін күні Ақтөбе облы­сының 562 351 тұр­ғыны дауыс береді деп күтілген еді.

Қалыпты жағдайда өтті

10 қаңтар күні барлық сайлау учаскелерінде  сайлау қалыпты өтті, тұрғындар өздері тіркелген мекенжайлары бойынша учас­келерге келіп, кідіріссіз дауыс­тарын беріп жатты. Бұл күні об­лыс орталығындағы бірнеше сайлау учаскесінде саяси партия­лар мен қоғамдық бірлестіктер филиалдарының, ТМД мен ЕҚЫҰ байқаушылары да бол­ғанын айта кеткен жөн.

Сайлау учаскелерінде са­ни­тарлық-эпидемиялық та­лап­­тар қатаң сақталды. Сондай-ақ мүмкіндігі шек­теу­лі азаматтардың дауыс бе­руіне ыңғайлы болуы үшін бар­­лық сайлау учаскелерінің кі­ре­берісіне пандустар орнаты­лып, арнайы есік тұтқалары салы­нып, маңызды ақпараттар топтастырылған мониторлар орнатылды.

COVID-19 коронавирус ин­фекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық учаскелерде бұл күні медицина қызметкерлері мен еріктілер кезек­шілікке шығып, дауыс бе­руші азаматтардың  әлеуметтік ара­қашықтықты сақтауын және олардың бетперде киюін қатаң бақылады. 10 қаңтарда  өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде тәртіп бұзғандар мен басқа да өрескел жағдайлар тіркелген жоқ. Сайлау қалыпты өтті деп айтуға болады.

 

Ақтөбе облысы